Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полицейлер арасында шағын футболдан турнир өтті

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Қарағанды облысы Абай ауданында облыстың тәртіп сақшылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Ауа райының құбылмалы болуына қарамастан доп додасына облыстың барлық аудандарынан тәртіп сақшылары қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теңбіл доп додасын Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов ашты.

– Құрметті әріптестер, баршаңызды турнирде көргеніме қуаныштымын. Қазақстан полициясы мерекесі қарсаңында өткізілетін дәстүрлі турнир биыл Абай қаласында өткізіліп жатыр. Іс-шараны өткізуге ат салысқан әріптестерге және Абай қаласының әкімдігіне алғыс білдіремін. Жарысқа қатысушыларға сәтті ойын, жеңіс тілеймін, – деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ жарысқа қатысушыларды Абай ауданы әкімінің орынбасары Саят Мусин де құттықтап, жеңіс тіледі.

Жарысқа облыстың барлық аудандарынан 20 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Күн ұзаққа созылған теңбіл доп сайысында бірінші орынды облыстық полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының командасы қанжығаларына байласа, екінші орынды Саран қаласының полиция бөлімі, ал үшінші орынды полиция департаменті патрульдік полиция батальонының жігіттері місе тұтты.

Сондай-ақ «Үздік қақпашы» номинациясын Саран қалалық полиция бөлімінен Ельхан Мехбалиев, «Үздік қорғаушы» номинациясын оқу-жаттығу взводының ойыншысы Еркін Өксікбаев, «Үздік шабуылдаушы» номинациясын Саран қалалық полиция бөлімі командасының капитаны Рүстем Күлькеев және «Үздік ойыншы» номинациясын оқу-жаттығу взводының ойыншысы Ернат Тажкеев ұтып алды. Барлық жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру