Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полицейлер бұзылған автобустың жолаушыларына көмектесті

Полиция қатты аязда Астана – Алматы тасжолындағы автобус жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 желтоқсан күні сағат 13:25 шамасында облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының экипажы – Серікжан Жолғұтты мен Санжар Аханахов республикалық маңызы бар Астана – Алматы автожолында қызмет атқару барысында тоқтап тұрған Yutong автобусын байқаған.

Белгілі болғандай, автобус салонында 10 жолаушы болған. Қатты аяз кезінде автобустан техникалық ақау шығып, жолаушылар жолда ұзаққа қалып қалуы мүмкін еді. Тіпті бұл жағдай басқа да жол қозғалысына қатысушыларына қауіп төндіруі мүмкін еді. Жағдайды ескере отырып, полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылдады. Автобус жолаушылары жолай өткен көліктер арқылы Астана қаласына жеткізілді. Ал жүргізушілер ақауды жою үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдардың жеткізілуін оқиға орнында күтті.

Жолдың аталған учаскесінде авариялық белгі мен кедергіні айналып өту белгісі орнатылып, көлік қозғалысы қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылды.

Полиция жүргізушілерге ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру