Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полицейлер қарасора өсірген тұрғынды анықтады

Қарағанды облысының тұрғыны үйдің шатырында қарасора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы ПД және Бұқар Жырау ауданы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елдімекендердің бірінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.

Ол жеке үйдің төбесінде қарасора өсіргенін мойындады. Тұрғын үйді тексеру кезінде полицейлер сегіз қарасора бұтасын тауып, тәркіледі.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру