Қарағанды облысында полицейлер таңғы уақыттан бастап көлік жүргізушілерін сүйемелдеп жүр
Қарағанды облысында полицейлер таңғы 10:30-дан бастап барлық бағыт бойынша автожолдарда тұрып қалған көліктерді ілеспе алып жүруді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Үшінші күн қатарынан облыс аумағында боран соғып, соңы көктайғақ болуынан жолдағы жағдайды қиындатып отыр. Қазіргі уақытта жолдарда шамамен 2400 кептеліп тұр: оның 1181 жүк көлігі, 1169 жеңіл автокөлік және 29 автобус. 5000-нан астам адам мәжбүрлі оқшаулауда қалды.
Ең күрделі жағдай Қарағандыға қарай оңтүстік бағытта: Сарышаған, Балқаш жақтарында қалыптасты. Мұнда 1438 көлік, оның ішінде 721 жеңіл автокөлік, 693 жүк көлігі және 24 автобус тоқтап қалған. 3723 адам жылыту пункттеріне орналастырылды.
Балқаштан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі аралықта полицейлер 595 жолаушысы бар 440 автокөлікті алып жүруде.
Полиция, ТЖД және “ҚазАвтоЖол” қызметтерінің бірлескен күш-жігері әрбір жолаушыға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Әрбір жолаушы дер кезінде жылыту пункттеріне жеткізіліп, онда еріктілер жергілікті атқарушы органдар және кәсіпкерлермен бірге ыстық тамақ ұйымдастырды. Қажет болған жағдайда көліктер жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді.
Алдағы аяздарға байланысты полиция департаменті шұғыл қажеттіліксіз жолға шықпауға шақырады.