Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полиция 9 айдың жұмысын қорытындылады

Қарағанды облысының полиция департаментінде биылғы жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңеске департамент бастығы Негмет Исмагулов, басқарма және бөлім басшылары, сондай-ақ қала мен аудандық полиция бөлімдерінің жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында облыстың бас полицейі өткен кезеңде атқарылған жұмыстарға талдау жасап, оң нәтижелермен қатар, шешуді қажет ететін мәселелерге де тоқталды. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бағытындағы шараларды одан әрі күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында берілген тапсырмалар жеке құрамға жеткізілді.

Кеңес қорытындысында Негмет Исмагулов бірқатар нақты міндеттер қойды

қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтың алдын алу;

жасөспірімдер арасындағы қылмыстарға жол бермеу;

ұйымдасқан және есірткі қылмыстарымен күресті күшейту;

мал ұрлығы мен заңсыз көші-қонға тосқауыл қою;

жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Қарағанды облысының полициясы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру