Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полиция ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіледі

Қарағанды облысында полиция ер адамнан ірі көлемде есірткі тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында Теміртау қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында ірі көлемдегі есірткі айналымына тосқауыл қойды.

Жүргізілген кешенді жедел іс-шара барысында 35 жастағы қала тұрғыны 5 грамм гашишті өткізбек болған сәтінде ұсталды. Жедел түрде оның тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, пәтерінен бір келіден астам гашиш табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар электронды таразылар, арнайы қаптамалар және өзге де құрал-жабдықтар алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Тәркіленген есірткі мен айғақ заттар сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру