Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полиция мас күйде көлік жүргізген шетел азаматын ұстады

Қарағанды облысында полиция мас күйде көлік жүргізген шетел азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күн сайын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Олар шаршаған жүргізушілерді демалыс орындарында тоқтап, тынығуға шақырып, жол жүру ережелернің талаптарын қата сақтауды ескертіп отырады.

Осындай жұмыстарды жүргізу барысында полиция қызметкерлері көліктердің бірін тоқтатып, оны тексеру кезінде жүргізушіден ішімдіктің иісі шыққанын байқады. Медициналық тексеріс жүргізіліп, жүргізушінің орташа деңгейде мас болғаны белгілі болды.

Сотқа материалдар әзірлеу барысында полиция қызметкерлері ереже бұзушының көршілес мемлекеттің азаматы екенін және оның елде болу мерзімі белгіленген құжатының уақыты өткенін анықтады.

Алкогольдік масаң күйде көлік басқару және көші-қон заңнамасын өрескел бұзу фактісі бойынша шара қолдану мақсатында материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру