Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері арасында интеллектуалдық турнир өтті

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері арасында интеллектуалдық турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінде "Адал полиция қызметкері" республикалық акциясы аясында қызметкерлер арасында интеллектуалдық турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру, қызметтік әдеп қағидаттарын берік ұстану және адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Зияткерлік сайысқа криминалдық және патрульдік полиция, тергеу және анықтау бөлімшелерінен құралған төрт команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік этика нормалары бойынша қойылған мазмұнды әрі күрделі сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындау барысында кәсіби даярлықтары мен ой-өрістерін көрсетті.

Командалардың өнерін құзыретті қазылар алқасы жан-жақты бағалады. Бағалау кезінде жауаптардың нақтылығы мен толықтығына, шешімдердің қисындылығы мен негізділігіне, нормативтік-құқықтық актілерді білу деңгейіне, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау қабілетіне, сондай-ақ шығармашылық көзқарас пен жалпы сөйлеу мәдениетіне ерекше мән берілді.

Интеллектуалдық турнир достық бәсеке мен өзара қолдау рухында өтіп, ұжымдық бірлікті нығайтуға, полиция қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін арттыруға және жоғары моральдық-этикалық құндылықтарды берік ұстануына оң ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру