Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейд өткізілді

Қарағанды облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейд өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында Қарағанды облысында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Шара полиция қызметкерлерінің саптық жиынымен басталып, онда бөлім басшылығы тәртіп сақшыларына нақты тапсырмалар берді.

Рейд барысында учаскелік инспекторлар есепте тұрған бірнеше отбасыға барып, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Әсіресе көршілердің тыныштығын жиі бұзып, алкогольге әуестенген азаматтарға заң талаптарын сақтау жөнінде ескерту жасалды.

Тексеріс кезінде әлеуметтік жағдайы күрделі бір отбасыға ерекше назар аударылды. Үйдің ересек тұрғындары жұмыс істемей, ішімдікке салынғаны белгілі болды. Ал кәмелетке толмаған екі бала қараусыз қалған. Балалардың анасы тамыз айынан бері үйіне оралмаған, қамқорлықты олардың үлкен әпкесі уақытша өз мойнына алған.

Ювеналдық полиция инспекторлары мен мектеп мұғалімдері бірлесе отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды уақытша бейімдеу орталығына орналастыру туралы шешім қабылдады.

– Балалардың анасы тамыз айының соңынан бері үйіне оралмаған. Балалары қараусыз қалған. Қазіргі уақытта бұл мәселе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралып жатыр, – деді мектеп мұғалімі Айнұр Абдуллина.

Жалпы Октябрь полиция бөлімі қызмет көрсететін аумақта 90 мыңға жуық тұрғын бар. "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы бері тәртіп сақшылары 2 мыңнан астам пәтерді аралап, тұрғындармен профилактикалық кездесулер өткізіп, 200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру