Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында санитарлық нормаларды бұзуға байланысты 10 мыңнан астам хаттама толтырылды

Қарағанды облысында санитарлық нормаларды бұзу деректеріне байланысты 10 мыңнан астам хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының аумағында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өткізілуде. Оның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға құрметпен қарау. Аталған акцияның өткізілуіне атқарушы билік өкілдері, экология, полиция департаменттері және қоғамдық ұйым өкілдері мен еріктілер тартылып отыр.

– Учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция жасақтары қоғамдық орындар мен гүлзарларды бүлдіру фактілерін анықтау бойынша жұмыс атқарады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындар арасында қоғамдық орындарды ластамауға байланысты түсіндіруге байланысты профилактикалық іс-шаралар атқарады. Акция басталғаннан бастап облыс бойынша санитарлық нормаларды бұзуға байланысты 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 23 миллион теңгеге айыппұл салынды, – деп атап өтті Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сондай-ақ полиция қызмекерлерімен тұрмыстық заттарды белгіленбеген жерге тастаудың 34 дерегі анықталды. Әртүрлі мекеме басшыларына қаланы абаттандыру ережелерін сақтауға байланысты 430 нұсқама берілді. Тұрмыстық және құрылыс материалдарын белгіленбеген жерлерге шығарған 15 автокөлік ұсталды.

Мәселен, 5 маусым күні Қарағанды қаласында Октябрь полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен өздеріне бекітілген аумаққа тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс материалдарын белгіленбеген жерге тастап жатқан ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Жүргізушіге қатысты 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзумен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тасталған қоқыстар жиналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру