Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында шартты түрде босатылған азамат қайта темір торға қамалды

Қарағанды облысында шартты түрде босатылған азамат қайта темір торға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл жазда сотталған азаматқа түзелуге мүмкіндік беріп, бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ауыстырған. Сонымен қатар оған мұндай босатуға байланысты барлық шектеулер мен міндеттемелер түсіндірілген еді.

Бостандыққа шыққаннан кейін бар болғаны бір жарым ай өткен соң-ақ полицейлер оның алғашқы тәртіп бұзушылығын тіркеді. Түнгі тексеріс кезінде ер адамның үйінде болмағаны анықталып, таңертең одан алкогольдің иісі шыққан. Көршілерге барғаны туралы түсініктемесі учаскелік инспекторды сендірмеді, оған ресми ескерту берілді.

Көп ұзамай ол тағы да мас күйде құрбысының үйінде жүрген жерінен байқалды. Үш күннен кейін жүргізілген келесі тексерісте де дәл осындай заң бұзушылық анықталды.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзу фактілерін ескеріп,  полицейлер "Заң мен тәртіп" қағидатын қатаң сақтай отырып, іс материалдарын сотқа берді. Дәлелдемелерді зерделей келе, сот азаматтың түзелуге ұмтылмағанын және мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін теріс пайдаланғаны туралы қорытындыға келді.

Қарағанды облысының Абай аудандық сотының шешімімен 37 жастағы құқық бұзушының шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуын жойып, оны жазасының қалған бөлігін өтеу үшін қайтадан бас бостандығынан айыру орындарына жіберді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру