Қарағанды облысында шаруа қожалығының қоймасына ұрлыққа түскен күдікті анықталды
Қарағанды облысында шаруа қожалығының қоймасына ұрлыққа түскен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпан күні Қарағанды облысы Осакаров аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы азаматша арызбен шағымданған. Жәбірленуші азаматша сол ауданда шаруа қожалық иесі екені белгілі болды. Белгісіз біреу қожалық қоймасының кілтін бұзып, ішінен металл өнімдерін ұрлап кеткен. Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу, күдіктіні анықтау бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.