Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған фермер ұсталды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында полицейлер шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тарту дерегін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң бұзушылық “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында белгілі болды.

Полиция қызметкерлері жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің аумағында тексеру жүргізіп, көші-қон заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар деген күдікпен 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру