Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сотталған азаматтарға диплом табысталды

Қарағанды облысында сотталған азаматтарға диплом табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған азаматтарды түзеудің басты жолдарының бірі – қоғамдық пайдалы еңбекке тарту және кәсіптік оқыту. Жазасын өтеушілердің еңбегін ынталандыру, олардың жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ҚАЖ қызметкерлері үздіксіз қызмет етіп келеді. Сондай-ақ осындай мақсатта Қарағанды облысының Долинка кентінде орналасқан түзеу мекемесінің жанындағы № 1 колледж қызметкерлері де өз еңбектерін іске асырып, үлес қосып келеді.

Колледж бас бостандығынан айырылған сотталғандар мен мекемеде жұмыс iстеуi мүмкiн кәсiби мамандығы жоқ сотталғандарды, сондай-ақ одан босатылғаннан кейін азаматтарды кәсiптiк даярлау бойынша  жұмыстар жүргiзедi.

24-25 маусым аралығында осы колледжде электр және газ дәнекерлеуші, автомобиль жөндеу механигі мамандықтары бойынша оқитын сотталған стдуенттер емтихан тапсырды. Барлық сотталған бұл сынаққа жауапкершілікпен қарап, маңызды емтиханды сәтті тапсырды. Ал 28 маусымда студенттерге оқығандарын дәлелдейтін диплом салтанатты түрде табысталды. Колледж түлектеріне арнайы мерекелік бағдарлама дайындалды. Сондай-ақ оқуда ерекше көзге түскен және жақсы мінез-құлқы үшін үздік студенттерге алғыс хаттар табыс етілді. Айта кетейік, бұл колледжде ҚАЖД-ға қарасты екі мекемеден (№ 30, 31) 82 түлек оқуын сәтті аяқтап шықты.

№ 31 мекеме әкімшілігі колледждің педагогикалық ұжымына сотталғандарды даярлау бойынша атқарылған жұмыстары үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру