Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Қарағанды облысында сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №36 мекемесінде жұмыс берушілермен кездесу өтті. Басқосуда сотталғандарды контрагенттік нысандарға жұмысқа орналастыру қорытындылары талқыланып, 2025 жылға арналған жоспар жасалды.

2024 жылы мекеме алты шағын және орта бизнес өкілдерімен екіжақты шартқа қол қойды. Қазіргі таңда бес компаниямен ынтымақтастық жалғасуда, оның ішінде “Железобетонный партнер” ЖШС, “Қарағанды Строй Конструкция” ЖШС, “Волынский” АӨК ЖШС, “KURPICH” ЖШС және “Азия Строй” ЖШС. Бұл кәсіпорындарда 75 сотталған жұмысқа орналастырылды.

– №36 мекемемен шарт жасасқан бизнес өкілдеріне сотталғандардың еңбегі мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз. Бұл шара қылмыстық-атқару жүйесі үшін де, кәсіпорындар үшін де тиімді. Ынтымақтастықтың арқасында бос жұмыс орындары толықтырылып, өндіріс көлемі артты, – деді мекеме бастығының орынбасары міндетін атқарушы Виталий Байнов.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде сотталғандарды жұмысқа орналастыру көрсеткіші 100%-ды құрап отыр. Бұл оларға жалақы алу, талап-арыздарды өтеу, отбасыларына көмек көрсету және қоғамға пайда тигізу мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру