Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 701 фактісі анықталды
Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 701 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы аумағында шілде айынан бастап табиғатты қорғау бойынша өткізілген «Сұңқар» және «Киік» жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша брифинг өтті.
Оған Қарағанды облыстық Полиция департаментінің табиғатты қорғау бөлімімен «Охотзоопром» өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
– Шілде айында табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері 168 бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізді. Оның қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 701 дерегі анықталды. Сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне қылмыстық әрекеттері бар 25 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде тоғыз дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабына сәйкес тіркелсе, екі дерек бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес іс қозғалды. Сонымен қатар 678 әкімшілік құқық бұзушылық деректері орын алды. Мәселен, 324 дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 382-бабы (Аң аулау ережесін бұзу) бойынша. Бұл бабқа сәйкес аң аулаушыларға 6 миллион 810 мың теңгеге айыппұл салынып, оның 2 миллион 888 мыңы өндіріліп алынды, – деді облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы қызметі, табиғатты қорғау бөлімінің аға инспекторы Ернұр Аманжолов.
Брифинг барысында киіктермен сұңқарлардың мекендейтін жерлерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.