Қарағанды облысында такси жүргізушінің телефонын қолды қылған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында такси жүргізушінің телефонын қолды қылған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрлық жасады деген күдікпен 32 жастағы күдікті ұсталды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат межелі жеріне жету үшін такси тоқтатқан. Жолай, ол такси жүргізушінің телефоны артқы қалтасында тұрғанын көріп, оны қолды қылған. Жәбірленуші 35 жастағы азамат өзіне келген шығынды 510 мың теңгеге бағалады.
Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.