Қарағанды облысында “Темекі шегуге болмайды” профилактикалық іс-шарасы аяқталды
Қарағанды облысында “Темекі шегуге болмайды” профилактикалық іс-шарасы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында “Темекі шегуге болмайды” атты іс-шара өтті. Мақсаты – кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарын, электронды тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды, темекіні жылытудың электронды жүйелерін сату фактілерін анықтау және жолын кесу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарында дәрістер мен әңгімелер өткізіп, студенттер мен олардың заңды өкілдеріне темекі шегудің, оның ішінде электронды темекінің зиянын түсіндіріп, қоғамдық орындарда темекі шегу үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертті.
Сондай-ақ темекі бұйымдары мен электронды темекі сату орындарының иелеріне ҚР ӘҚБтК 423-1 бабы бойынша “21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі және темекі бұйымдарын сату” бойынша кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
– Барлығы тоғыз әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 1-еуі ҚР ӘҚБтК 423-1-бабы бойынша, ал сегізі ҚР ӘҚБтК 441-бабы бойынша “Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу”. Полиция қызметкерлері 86 жалпы білім беретін оқу орындарын аралап, оларда темекі шегудің, оның ішінде электронды темекі шегудің алдын алу бойынша 100-ден астам тақырыптық лекциялар мен әңгімелер өткізді. Осындай жұмыстар кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен де жүргізілді, – дейді облыстық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Қуаныш Зарубаев.