Қарағанды облысында тонау фактісі бойынша күдікті ұсталды
Қарағандылық тәртіп сақшылары облыс орталығында тонау жасаған елорда тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйек күні кешкілік Бұқар-Жырау аудандық Полиция басқармасына ауданға қарасты ауылдардың бірінде тонау қылмысы болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына келген жедел-тергеу тобына 43 жастағы жәбірленуші азаматша көшеде келе жатқанда белгісіз біреу оған шабуыл жасап, бірнеше соққы жасап, қолындағы құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткендігі туралы хабарлаған.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті анықталып, Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Оның 23 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Күдіктінің сөзінше ол ауылдағы танысына қонаққа келген. Тонау жасау барысында ол өзін бұл ауылда ешкімнің танымайтынын сезіп, полицияның қолына түспеймін деп ойлаған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.