Қарағанды облысында тоңазытқыштан азық-түлік ұрлаған ер адам ұсталды
Қарағанды облысында тоңазытқыштан азық-түлік ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 шілдеде 64 жастағы әйел Қарағанды облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне хабарласты. Жәбірленуші әйел белгісіз біреу шаруа қожалығының аумағында орналасқан жеке үйге кіріп, тоңазытқыштан бір апталық азық-түлікті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 19 мың теңгені құрайды.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер күдіктінің 40 жастағы ферма жұмысшысы екенін анықтады. Бірақ тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенше, ол қашып үлгерген.
29 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрыны ұстады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.