Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында үш күнде 3 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу фактілері анықталды

Қарағанды облысында үш күн ішінде 3 мыңға жуық ЖҚЕ бұзу фактілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының 25 мен 27 аралығында жол қауіпсіздігін сақтау, көлік құралдарын мас күйінде жүргізудің алдын алу мақсатында «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға 1323 патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, 75 учаскелік полиция инспекторлары және 502 автопатруль жұмылдырылды.

Іс-шараны жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен 2070 жол жүру ережелерін бұзу фактісі анықталды. Көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін 25 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жылдамдықты шектен тыс асыру бойынша 265 жүргізуші жауапкершілікке тартылса, қауіпсіздік белдігін тақпаған- 184, маневрлеу ережесін бұзған 132 жүргізушіге хаттама толтырылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру