Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Қарағанды облысында үздік полиция қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күніне орай Қарағанды облыстық полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада департамент басшылығымен ардагерлер және жеке құрам қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің құрметіне орнатылған мемориялдық тақта тасына гүл шоқтарын қойып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында қаза тапқан қызметкерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Аспанға үш мәрте оқ атылды. Осыдан кейін мерекеге орай, үздік қызметкерлерді департамент бастығы Ерлан Файзуллин құттықтап, ішкі істер министрінің және департамент бастығының бұйрығымен марапаттады.

– Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын. Бұл қос мерекеде еліміз үшін маңызы зор. Осы айтулы күнмен сіздерді құттықтай отыра, еңбектеріңізге жеміс, еліміздің ертеңі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Ерлан Файзуллин.

Құттықтау сөзінен кейін, кадр саясаты басқармасы министрлік пен департамент бастығының бұйрығынан үзінді оқып, марапаттар табысталды.

Департамент бастығының қолынан ішкі істер министрінің бұйрығымен 3 қызметкер министрліктің құрмет грамотасын алса, министрліктің грамотасымен 10 полиция қызметкері марапатталды. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен 4 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар 9 қызметкерге «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі беріліп, 7 қызметкер Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен, 6 қызметкерге алғыс жарияланса, бағы жанған 16 қызметкер уақытынан бұрын арнайы шендерге ие болды. Сондай-ақ салтанатты іс-шара барысында полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің бұйрығымен 47 қызметкерге грамота, 45 тәртіп сақшысына алғыс хат берілді. 35 қызметкерге алғыс жарияланды.

Марапаттау салтанатынан кейін департаменттің жауынгерлік және даңқ мұражайында ішкі істер органының ардагерлерің қатысумен ерлік сағаты өтті. Жас тәртіп сақшыларына ардагерлер өздері қызмет еткен жылдардағы жинаған тәжірибесімен бөлісіп, қызмет бабында кездесетін қиындықтармен күресу бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті. Шара соңында жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беріп, оларды қызметке баулып жүрген көне көз ардагерлерге департамент бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин алғысын білдіріп, облыстың бас полицейінің атынан алғыс хаттар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру