Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында заңсыз айналымнан 900 келіден астам есірткі тәркіленді

Қарағанды облысының полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейту мақсатында "Заң және тәртіп" қағидатын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым мен 31 қазан аралығында өңір аумағында кең ауқымды "Қарасора" арнайы жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның нәтижесінде 100 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды, соның ішінде 55 қылмыс және 45 қылмыстық теріс қылық тіркелді.

- Заңсыз айналымнан 900 келіден астам әртүрлі есірткі заты мен 1,5 тонна прекурсор тәркіленді. 72 адам жауапкершілікке тартылды, олардың арасында 5 әйел мен 3 кәмелетке толмаған жасөспірім бар, - Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Полицейлердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде екі жасырын есірткі зертханасы жойылып, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар:

  • 25 дерек – есірткі сату фактісі;
  • 16 дерек – есірткіні насихаттау және жарнамалау;
  • 5 дерек – есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру;
  • есірткі тұтынуға арналған притон ұйымдастыру бойынша бір дерек тіркелді.

"Кибербақылау" ақпараттық жүйесіне есірткі және психотроптық заттарға қатысты тыйым салынған контент таратқан 881 интернет-ресурс, яғни веб-сайттар, аккаунттар және өзге де платформалар енгізілді.

Сонымен қатар "Anti-Fraud" жүйесі арқылы жалпы сомасы 68 миллион теңгеден асатын 1019 банк картасы бұғатталды. Telegram мессенджері арқылы есірткінің заңсыз айналымында пайдаланылған 4102 криптовалюталық әмиян анықталды.

Есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында 1350 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оларға 152 мыңнан астам азамат қатысты. Қоғамдық ұйымдар мен белсенділердің қатысуымен 476 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, олардың барысында 11 мыңнан астам есірткіге қатысты граффити жазбалар жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру