Қарағанды облысында жалған билет сатушы құрықталды
Қарағанды облысында жалған билет сатушы құрықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полициясына жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғаны туралы хабарлады. Әйел алдын ала жалпы құны 240 мың теңге болатын төрт әуе билетін сатып алғанын айтты. Алайда, әуежайда тіркелу кезінде екі билеттің сатып алу күші жойылғаны анықталды. Саяхаттың бұзылуына байланысты моральдық шығыннан басқа, материалдық шығын 140 мың теңгені құрады.
Жүргізілген тергеу іс-шаралары 53 жастағы күдіктіні анықтауға және ұстауға мүмкіндік берді. Билет сатушы жасаған ісін мойындады. Тергеу барысында полиция қызметкерлері осындай жағдайға тап болған тағы 16 жәбірленушіні анықтады – олардың да сол сатушыдан сатып алынған теміржол билеттерінің күші жойылған. Тергеу анықтағандай, билеттерді сатудан түскен ақшаны әйелдің жымқырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 2 миллион теңгеден асты.
Қазіргі уақытта тергеу аяқталды және қылмыстық іс материалдары сотқа жіберуге дайындалуда.