Қарағанды облысында жаңбыр мен көктайғақ кезінде полиция жолдағы қауіпті учаскелерді анықтауда
Қарағанды облысында полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауа райының күрт нашарлауына, атап айтқанда жаңбыр жауып, көктайғаққа айналуына байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны күшейтілген қызмет режиміне аууысты.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәулік бойы автомобиль жолдарының жағдайын бақылауда ұстап отыр. Анықталған қауіпті учаскелер туралы мәліметтер жедел түрде "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға жолданып, алдын алу шаралары қабылдануда.
Полиция қызметкерлері жол жағдайын бақылап, қозғалысқа қатысушыларға қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы жағдайларын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және арақашықтықты сақтауға шақырады.
– Қолайсыз ауа райы кезінде жолдағы қауіпсіздікке ерекше мән беру қажет, - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Қакимов.
