Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының аумақтық бөліністерімен өздеріне тиесілі әкімшілік аумақта мотоциклі бар азаматтармен кездесіп, олардың иелігіндегі көлік құралдарының құжаттары бар-жоғына тексеріс жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тәртіп сақшыларымен, осы кездесу барысында мотоцикл иелеріне жол-жүру ережелерін сақтау бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осыған қарамастан, мотоцикл жүргізушілер тарапынан бүгінгі таңда құқық бұзушылыққа жол беру жағдайлары диі кездеседі.

Мәселен, 13 мамыр күні сағат 22.00 шамасында Қарағанды облысы, Құлайғыр ауылының маңында Абай аудандық полиция басқармасы патрульдік полиция взводының қызметкерлерімен мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мотоцикл тоқтатылды. 29 жастағы жүргізуші көлігіне мемлекеттік нөмір тақпағанға қарамастан, мотоцикл құралын ішімдік ішкен күйде басқарғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі, 590-бабының 2-бөлігі, 593-бабының 2-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Соттың шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. 

Шахтинск қаласында 13 мамыр күні сағат 15.00 шамасында 16 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйлердің ауласында ИЖ Юпитер 3 мотоциклін басқару кезінде жол қауіпсіздік ережелерін ескермей, 3 жастағы баланы қағып кетті. Салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Сол күні сағат 23.00 шамасында Есенгелді – Қарағанды тас жолында Honda мотоциклінің 35 жастағы жүргізушісі 30 жастағы ВАЗ 21014 автокөлігінің жүргізушісімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті мотоцикл жүргізушілерін жол жүру ережелерін қатаң сақтап, сақтандыру киімдерін киіп жүруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру