Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жол-жүру ережесін бұзудың мыңнан астам дерегі тіркелді

Қарағанды облысында полицейлер жол-жүру ережесін бұзудың мыңнан астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балаларды көшеде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақыру. Полиция қызметкерлерімен қоса бұл шараны өткізуге денсаулық сақтау, білім басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары қатысып жатыр.

Мәселен, жыл басынан бастап облыс аумағында балалардың қатысуымен алты жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 9 бала әртүрлі деңгейде жарақаттар алды. Бұл ата-аналар тарапынан балалардың қауіпсіздігіне мән бермеу, оларға жол-жүру ережелерін сақтау талаптарын түсіндірмеу салдарынан болып отыр.

Алдын алу іс-шарасының екі күнінде полиция қызметкерлерімен жол-жүру ережелерін бұзудың 1059 дерегі анықталды. Оның 281 жаяу жүргіншілермен жол ережесін бұзу болса, 31 дерегі жаяу жүргіншіні жол өткелінен өткізбеу, 74 дерегі жол қиылыстарының жүру ережесін бұзу болса, 44 дерегі балаларды тасымалдау ережесін бұзу бойынша анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру