Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Қарағанды облысында жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусым күні сағат 22:00 шамасында Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне қала көшелерінің бірінде ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып жүргендігі туралы хабарлама түсті.

Сол аумаққа аттанған полиция жасағы аталған автокөлікті бірден тапты. Алайда, тәртіп сақшылары оны тоқтатпақшы болғанда жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай қаша жөнелген. Жүргізілген кешенді жұмыстар барысында полицейлер аталған автокөлікті тоқтату мақсатында қосымша полиция жасағын шақырып, қала көшелерінің бірінде бірнеше көлікпен қала көшелерінің қиылысында ұстады.

43 жастағы көлік жүргізушісіне жүргізілген куәландыру барысында оның есірткілік мас күйде болғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты сегіз әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды. Олар, көлікті есірткі қолдану күйінде басқару, полицияның көлікті тоқтату бойынша заңды талабына бағынбау, бағдаршамның тиым салынған белгісіне өту, апаттық жағдай туғызу, жаяу жүргіншіге жол бермеу және көлікті техникалық байқаудан өтпеген күйде басқару бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құық бұзушыға толтырылған әкімшілік материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен 43 жастағы жүргізуші 18 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру