Қарағанды облысында жыл басынан 1 тоннадан астам есірткі заттары заңсыз айналымнан шығарылды
Қарағанды облысында жыл басынан бір тоннадан астам есірткі заттары заңсыз айналымнан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымнан бастап республика аумағында «Қарасора-2021» ауқымды кешенді жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Осылайша ЖАШ аясында құрамында есірткі бар өсімдіктердің дақылдарын анықтау және есірткіге қатысты қылмыстың осы түріне қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қарағанды қаласының аумағында Петровская көшесінде қарасораға ұқсас өсімдіктердің өсуі табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, шамамен 1 га аумақта табылған өсімдіктер – жалпы салмағы 173 кг қарасора екендігі анықталды. Бұл аумақта 2147 бұта өскен, олардың барлығы жойылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде есірткінің үлкен партиясының заңсыз айналымға түсуіне жол бермеуге мүмкіндік туды.
Бұл бір ғана факт емес. Бұған дейін Абайдың Промышленная көшесі маңындағы даладан тоғыз мың бұталы қарасора өрісі табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған өсімдіктер – жалпы салмағы 755 кг құрғатылмаған марихуана екендігі анықталды.
Айта кету керек, жалпы, жыл басынан бері Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бір тонна 238 келі, 525 гр. әр түрлі есірткі заттарын анықтады.