Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында жыл басынан бері 396 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Қарағанды ​​облысында жыл басынан бері 396 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуірде Қарағанды ​​облысы Шет ауданы ПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-профилактикалық шараларын жүргізді. Олар сағат 22.00 шамасында Ақу-Аюлы ауылының маңында 44 жастағы жергілікті тұрғын басқарған көлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде болғаны анықталды. Аталған фактіні медициналық сараптама растады. Анықталғандай, өткен жылдың қыркүйек айында ер адам көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 сәуірде Шахтинск ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері сағат 20.30 шамасында ауылдардың бірінде 28 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты. Соңғысынан алкогольдің өткір иісі шыққан.

– Тексере келе, бұл жүргізуші өткен жылдың қазан айында жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Медициналық сараптама ер адамның мас күйінде екендігін анықтады. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша Шахтинск қаласының ПБ СДТТ-ге тіркелді. Айта кету керек, жыл басынан бері Қарағанды ​​облысында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 396 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді облыстың ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Қуаныш Зарубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру