Қарағанды облысында жыл басынан бері 474 құжатсыз адам құжаттандырылған
Қарағанды облысында жыл басынан бері 474 құжатсыз адам жеке куәлікке қол жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың құжатсыз қалуының себептері өте көп. Біріне балалық шақта ата-анасы мән бермесе, кейбірі өздері жоғалтып, өмірлік проблемаларына байланысты қалпына келтіре алмаған.
Құжатсыз жүрген әр адамның өз проблемасы бар, әдетте бұл адамдар құжаттарын қалпына келтіруге өздігінен талпынбайды. Көбі не істеу керек екендігін және кімнің көмектесетінін білмейді. Құжатсыз тұрып жатқан адамдардың жолында көмектесемін деп уәде беретін алаяқтар жиі кездеседі, бірақ алаяқтар олардың қаражатын иемденіп, ғайып болады.
Адамның жеке куәлігінің болмауы зейнетақы мен жәрдемақы ресімдеуге кедергі келтіріп, мемлекеттік және медициналық кепілді қызметтерге жол жеткізу, жұмыспен қамту құқығынан айырады.
Қарағанды облысының Полиция департаментінің көші-қон қызметі ауқымды акция шеңберінде құқықтық мәртебесі жоқ адамдарды құжаттандыруға көмек берді.