Қарағанды облысында жылдамдықты шектеуге арналған 90 аппараттық-бағдарламалық кешен пайдаланылады
Қарағанды облысында жылдамдықты шектеуге арналған 90 аппараттық-бағдарламалық кешен пайдаланылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларын жасаудың негізгі себептерінің бірі – көлік құралдары қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығының артуы болып саналады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу аясында тиімді құрал ретінде көрсеткен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың аппараттық-бағдарламалық кешендері пайдаланылуда.
Мәселен, бүгінгі күні жылдамдық режимін бұзуды тіркейтін 90 аппараттық – бағдарламалық кешен пайдаланылады (Қарағанды қ.-50, Теміртау қ.-15,Жезқазған қ.-10, Сәтпаев қ.-10, Саран қ.-5).
Аталған кешендердің жұмысын талдау апаттылықтың төмендеуінің оң динамикасын көрсетті.
Осыған байланысты қазіргі уақытта Қарағанды облысы ПД әкімшілік полиция қызметкерлері көлік құралдары ағынының қарқындылығын, сондай-ақ авариялық жағдайларды жасау фактілерін талдауға сәйкес қосымша аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнату үшін облыстың елді мекендерінің көше-жол желісінің учаскелерін айқындау бойынша жұмыс жүргізуде.
Көлік құралдары жүргізушілерінің автокөлік тәртібін арттыру мақсатында Әкімшілік полиция жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің автоматты жүйелерін кеңінен қолданады.