Қарағанды облысындағы ҚАЖД мекемесінде баскетбол алаңы ашылды
Қарағанды облысындағы ҚАЖД мекемесінде баскетбол алаңы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №29 мекеменің басшылығы сотталғандар арасындағы 2024 жылғы жазғы спартакиаданың басталуына орай сотталғандарға арналған баскетбол алаңын ашты.
Баскетбол алаңын мекеме аумағында ашудың басты мақсаты – сотталғандардың баскетболға деген қызығушылығын арттыру, спорт әлеміне жақындату, бос уақыттарын пайдалы іске арнауға баулу.
Спартакиаданың ашылуына Абай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерасыл Борамбаев пен Абай қаласының мамандандырылған прокуратурасының прокуроры Әділбек Мақашев шақырылып, қатысушыларға алдағы жарыста сәттілік тіледі. Мекеме бастығының орынбасары Жансейт Әбілқасымов іс-шаралар жоспарына сәйкес жарыс түрлерін жариялады, сондай-ақ қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатынын хабарлады.