Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысындағы түзеу мекемесінде жаңа аллея ашылды

Қарағанды облысындағы түзеу мекемесінде жаңа аллея ашылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысындағы №31 түзеу мекемесінің тұрғын аймағында мекеме қызметкерлерінің бастамасымен қазақ халқының ұлы тұлғаларына арналған "Ұлы хандар мен билер аллеясы" ашылды. Бұл жоба сотталғандарды тәрбиелеуге бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып отыр.

Аллеяда қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюына елеулі үлес қосқан тарихи тұлғалардың – Абылай хан, Кенесары хан, Төле би, Асан Қайғы және басқа да кемеңгерлердің бейнелері мен өмірі туралы ақпарат қамтылған бейбордтар орнатылған.

Аллея – ұлттық бірлік, рухани биіктік пен даналықтың символы ретінде сотталғандардың патриоттық санасын оятуға, тарихи мұраға деген құрметін қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында ұйымдастырылған танымдық іс-шаралар олардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп, әлеуметтік бейімделу процесіне оң ықпал етуде.

— Бұл бастама – тек тәрбиелік емес, рухани маңызы зор жоба. Сотталғандар тек заң талаптарын ғана емес, халқымыздың тарихын, ұлттың болмысын танып, оның тағылымынан сабақ алуы қажет. Ұлы хандар мен билер – әділеттілік пен даналықтың үлгісі. Осындай жобалар арқылы біз тәрбиелеу процесін терең мазмұнмен толықтыра аламыз, – деді тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы  Н.Кудряшова.

Аллея – ата-баба мұрасына құрмет көрсетіп қана қоймай, бүгінгі мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті де еске салатын тағылымды ескерткішке айналды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру