Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының бас полицейі ММА-дан әлем чемпионы Санжар Әділовпен кездесті

Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов ММА-дан халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы, жекпе-жек өнерінің үздігі, өзінің аттасы Санжар Әділовті «Динамо» денешынықтыру қоғамдық ұйымына арнайы шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жерде әлемге аты әйгілі спортшы облыстық полиция департаментінің қоян-қолтық ұрысы бойынша Ішкі істер министрлігінің чемпионатына дайындалып жатқан спортшыларға жаттығу өткізіп, өзінің сүйікті әдістерін көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.

– Біздің шақыртуымызбен «Динамо» денешынықтыру залына келіп, полиция қызметкерлерімен тәжірибесін бөліскен Санжарға алғысымды білдіремін. Бүгінгі кездесу спортта жүрген тәртіп сақшыларына тиімді болды деген ойдамын, – деді департамент бастығы.

Кездесу соңында департамент бастығы үздік спортшыны алғыс хатпен және Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағатпен марапаттады.

– Полиция департаментінің спортшыларымен кездескеніме өте қуаныштымын. Әрқашан тәртіп сақшыларын қолдауға дайынмын. Оларға алдағы чемпионатта тек сәттілік тілеймін, – деді әлем чемпионы, аралас жекпе-жегінің шебері Санжар Әділов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру