Қарағанды облысының ПД-де 2022 жылға арналған міндеттер белгіленді
Қарағанды облысының Полиция департаментінде 2021 жылдың қорытындысы облыстың барлық қызметтерінің, аумақтық бөлімдердің басшылары қатысқан жедел кеңесте қаралды. Облыстың бас полицейі Ерлан Файзуллин ағымдағы жылдың қорытындысын талқылап, келер жылға арналған міндеттерді белгіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент басшысы соңғы жылдары Қарағанды облысында жедел жағдай тұрақты болғанын жеткізді. Қабылданған шаралар қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеуде жақсартылған нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеу 7,1%-ға, ал ауыр және аса ауыр қылмыстар 20%-ға дерлік қысқарып, оларды ашуда оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мүліктік қылмыстар, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау санының азаю тенденциясы байқалды. Облыс жолдарындағы төтенше жағдай тұрақтанды.
– Ағымдағы жылдың басынан бері есірткі қылмысын ашуда оң нәтиже байқалып, оның саны 300-ден астам фактіні құрады. Тұрақты нәтижелердің бірі – синтетикалық есірткінің таралуын басу. Өткен жылы біз алғаш рет жасырын дәрілік зертханалардың кең ауқымды желісіне тап болдық. Жыл басынан бері біз Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы синтетикалық препараттарды шығаратын төрт зертхананың қызметін тоқтаттық, – деді Департамент басшысы.
Кең көлемде жүргізілген жұмыс барысында полицейлер 20 келіден астам синтетикалық есірткі мен оларды дайындауға арналған 700-ге жуық прекурсорларды тәркілеп, алты адамды ұстады. Қылмыстық топ жасаған «есірткі заттарды өткізу» бабы бойынша 13 қылмыстық іс және трансұлттық ұйымдасқан топ құру және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚР ҚК-нің баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істер сотқа жолданды.
Ерлан Файзуллин ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға ерекше назар аударды, осының аясында 2019 жылдың қараша айында пилоттық жоба іске қосылып, облыс аумағында полиция жұмысының сервистік моделін енгізу жұмыстары қолға алынды.
– Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында 500-ден астам байланыс чаттары құрылды, 33 «дабыл батырмасы» жедел байланыс терминалдары орнатылды. Осымен қатар облыс орталығындағы білім басқармасының нысандарына 128 дабыл батырмасы орнатылып, жеке күзет кәсіпорындарына шығарылды, – деді ПД басшысы.
Соңғы жылдары облыс әкімдігінің қолдауымен полиция бөлімдерінің, оның ішінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Азаматтар көп жиналатын орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қарағанды және Теміртау қалаларында «әйнек» және стационарлық посттар іске қосылды. Облыста 2025 жылға дейінгі Жол картасы аясында 24 учаскелік полиция пунктін салу жоспарлануда.
– Облыстық полиция гарнизоны азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғауды қамтамасыз етуге дайын, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.
Жедел кеңестің қорытындысы бойынша Департамент басшысы алдағы 2022 жылға арналған басым міндеттердің орындалуына назар аударып, қылмыспен күрес және қылмыстарды тергеу саласындағы басым бағыттар бойынша нақты тапсырмалар берді. Ал бұл – негізгі жұмыс бағыттарының бірі ретінде қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейту, учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру, олардың халыққа қолжетімділігін арттыру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, бұрын сотталғандармен профилактикалық жұмысты күшейту. Сондай-ақ, Ерлан Файзуллин киберқылмыспен және онлайн-алаяқтықпен, есірткі қылмысымен күресу басқармасының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, облыстық Полиция департаментінің бөлімшелерін цифрландыру жұмыстарын жалғастыру міндеттерін қойды.