Қарағанды облысының ПД интернет-алаяқтық туралы үздік бейнероликтерге байқау ұйымдастырады
Қарағанды облысының ПД интернет-алаяқтық туралы үздік бейнероликтерге байқау ұйымдастырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының ПД интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша үздік бейнероликтерге байқау жариялады. БАҚ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, блогерлер, сондай-ақ оқу орындарының студенттері қатысуда.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында интернет-алаяқтықтың алдын алу, құқық бұзушылықтың осы түріне қарсы тұруды белсенді насихаттауға журналистерді, блогерлерді, үкіметтік емес ұйымдарды тарту.
Байқауға осы жылдың 6 сәуіріне дейін интернет-ресурстарда, телеарналарда жарияланған бейнероликтер жіберіледі. Олар жоғары кәсіби деңгейде орындалуы, айтылған тақырыпқа сай болуы, азаматтар арасында қылмыстың осы түрінің алдын алуға ықпал етуі тиіс. Оларды бағалау келесі критерийлер бойынша өтеді: тақырыпты ашудың толықтығы, берілген ақпараттың өзектілігі, автордың шығармашылық көзқарасы.
Байқауға ForteBank, Halyk Bank, Kaspi Bank секілді қаржы ұйымдары демеушілік жасайды. Гран-при жеңімпазы ІPhone 13 Pro телефонымен марапатталады. Бірінші орын иегерлеріне 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орынға 100 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі. Бейнежазбалар krgdvd@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады