Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері металл ұрлығының алдын алды

Қарағанды облысының полицейлері металл ұрлығының алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен қызмет өткеру барысында түн жарымында автокөліктің жүк салғыш бөлігіне қап артып жатқан азаматтардың назары түскен. Аталған жайт полиция қызметкерлеріне күдік тудырып, 35 және 36 жастағы екі азамат ұсталған. Белгілі болғандай, күдіктілер сол маңдағы мекемеден құны 800 мың теңге тұратын берінеше қап болатты балқыту кезінде қолданатын ферроқорытпаны ұрлап жатқаны анықталды.

Сондай-ақ Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері де металл ұрлығының алдын алды. Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында саяжайлардан шығып келе жатқан 23 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылған. Көлікте 24 пен 33 жас аралықтарындағы төрт азамат болған. Тексеріс барысында күдіктілер саяжайлардың бірінен металл өнімдерін ұрлап, өз пайдалары үшін өткізбекші болған.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру