Қарағанды облысының полицейлері тонау қылмысын ашты
Қарағанды облысының полицейлері тонау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына Абай қаласындағы мекемелердің бірінде ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері жіберілді. Қылмыс аса қатыгездікпен жасалғаны белгілі болды.
25 жастағы жәбірленуші мекеме алдында телефонмен сөйлесіп тұрған. Сол мезетте осы аумақтан өтіп бара жатқан белгісіз біреу қолынан телефонды жұлып алып, мекеме жанындағы ғимараттардың арасымен қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 155 мың теңгені құрады.
Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.