Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғындары 20 бірлік қару жоғалтқан

Қарағанды облысының тұрғындары 20 бірлік қару жоғалтқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы аумағында тұрғындар арасында өздеріне тіркелген азаматтық қаруларды жоғалту фактілері жиіледі. Бұндай жайттар кейін заңсыз айналымға кету, не болмаса қылмысқа қолданылуы мүмкіндігіне байланысты полицейлердің алаңдаушылығын туғызуда.

Мәселен, жыл басынан бастап облыс аумағында 20 қарудың жоғалу дерегі тіркелген. Талдау барысында азаматтық қару иелерінің өздерінің заттарына немқұрайлы қарауы, сондай-ақ қаруды ұстаумен сақтау ережелерінің сақталмауынан екені белгілі болды.

– Еске сала кетейін Қазақстан Республикасының «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау» туралы Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес қару иелері алған қаруларымен оның оқ-дәрілерін сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Егерде аталған талаптар бұзылған жағдайда қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер бұндай жағдай екінші рет қайталанса, қару иелеріне рұқсат беру тоқтатлып, қару ұстауға үш жылға дейін шектеу қойылады. Егер жоғалған қару заңсыз айналымға кетіп, өзге біреуге қатысты қылмыста қолданылып, арты ауыр жағдайға әкеп соқса, онда қару иесіне қылмыстық жауапкершілік көзделген, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Какимов.

Сонымен қатар, Бағдат Какимов Қарағанды қаласында тіркелген қарулардың сақталуын қамтасыз ету және тиісті сақтауға байланысты үш қару сақтау орыны бар екенін атап өтті. Қару иелері өздеріне тіркелген қаруды сақтау бойынша тиісті сақтау пунктімен келісім шартқа отырғаннан кейін ішкі істер органына келісімшарттың көшірмесін әкеліп, полицияны хабардар етуге міндетті.

– Сондай-ақ, облыс аумағында тіркелмеген қаруды қолданумен бес қылмыс тіркелді. Осыған орай қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қару қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға байланысты, тұрғындардан заңсыз қолда бар қаруларды полицияға өткізуге кеңес береміз. Қазақстан Республикасының заңналарына сәйкес, өз еріктерімен заңсыз қаруды полицияға өткізген тұрғындар жауапкершіліктен босатылады, – деді Бағдат Какимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру