Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғыны бұрынғы жұмыс орнынан жанар-жағармай ұрлаған

Шаруа қожалығында механизатор болып қызмет атқарған ауыл тұрғыны жұмыс орнынан жанар-жағармай ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне 61 жастағы шарауа қожалығы иесінен арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреу жанар-жағармай таситын көліктен 200 литр дизель отынын ұрлап әкеткенін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 59 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған істі ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында күдікті анықталды. 57 жастағы күдіктінің бұрын осы қожалықта механизатор болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол жасаған ұрлығы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған дизель отынын ол өз пайдасына жұмсамақшы болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру