Қарағанды облысының тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді
Қарағанды облысының тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығына ауылдық жердің 63 жастағы тұрғынынан жүрекжарды хаты келіп түсті. Хат иесі 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатын ауыстыру барысында полицейлердің жедел көмек көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірген.
Сондай-ақ ауыл тұрғыны Бұқар жырау ауданының көші-қон полициясының қызметкері Наталья Кнестиковаға ерекше алғысын білдірді. Азаматтың айтуынша, полиция қызметкерінің кәсіби көмегінің арқасында әйел қысқа мерзім ішінде қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеп, ақырында Қазақстан Республикасының азаматтығын алған.

– Мен өз құжатымды 1978 жылы алған едім, содан бері ескі төлқұжатымды дер кезінде жеке куәлікке ауыстыратын мүмкіндігім болмады. Сіздердің қатарларыңызда Наталья Кнестикова сияқты жанашыр, адамгершілігі мол қызметкерлердің бар екеніне шын жүректен ризамын, – деп жазған Ольга Кирихкеслер.
Бұл оқиға полицейлердің азаматтарға деген қамқор және адами қарым-қатынасының маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті. Қиын жағдайға тап болған жандарға дер кезінде қолдау көрсету – кәсіби борышпен қатар, үлкен адамдық парыз.
