Қарағанды облысының тұрғыны құбырларды ұрлап әкеткен
Қарағандылық полицейлер құбыр ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Қаражал қаласының полиция бөліміне 30 тамыз күні қызмет көрсету аумағында орналасқан бір мекемеден оларға тиесілі 70 метр пластик құбырды белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті.
10 қараша күні полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар 40 жастағы күдіктіні құрықтады, ол қылмысын мойындады.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.