Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғыны жол-көлік оқиғасын жасап, жауапкершіліктен жалтару мақсатында өз көлігінің ұрланғаны туралы хабарлаған

Қарағандылық тұрғын жауапкершіліктен жалтару мақсатында полицияға көлігінің ұрланғаны туралы арызданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қарашада Осакаров аудандық полиция бөліміне қарасты ауылдардың бірінің 23 жастағы тұрғыны белгісіз біреудің «Mercedes Benz» маркалы көлігін ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Келтірілген шығын мөлшері 1 миллион 300 мың теңгені құрады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері аталған көлікті тауып, автокөліктің ұрланбағанын анықтады.

Жауап алу барысында арызданушы жылдамдықты асыру кезінде көлікке ие бола алмай, жолдағы жылу беру жүйесіне соқтығысқанын, жауапкершіліктен жалтару үшін полицияға көліктің ұрланғаны туралы арызданғанын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру