Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері бірнеше ұрлықтың бетін ашты

Орталық ПБ тергеушілері бірнеше ұрлықтың бетін ашты,- деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.


Жақында Орталық полиция бөліміне 18 жастағы азаматтан қалта ұрлығы бойынша арыз түскен. Зардап шеккен азаматтың айтуына қарағанда, сағат 14:00-15:00 шамасында «Грандстор» сауда үйінің маңында белгісіз адам ашық түрде күш көрсету амалымен қалтасынан телефон, ақшасы бар әмиянын тонап кеткен.

Осы қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2 бөлімі 1 тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Орталық ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Т.Н.Меймановтың басшылығымен, тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция аға лейтенантыТускеев Бауыржан Мырзабековичтың жұмыс істеуінің нәтижесінде күдікті анықталды. Күдіктінің бұл қылмысы әшкере болып, зардап шегушіге материалдық шығынын өтеуге шешім қабылданады.

Осындай келесі қалта ұрлығы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-3 бөлімдері бойынша іс қозғалды.

Орталық ПБ қызметкерлері бірлесіп, тергеуші полиция аға лейтенанты Рахимов Олжас Сагатпековичтің тергеу жұмысының ақпаратына сүйене отырып, қылмыс оң көрсеткішке қол жеткізді.

Орталық ПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасауға машықтанған қылмыскерлерді құрықтау және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған шаралар ұйымдастырылып, қарқынды жұмыстар жүргізіліп отырғандығын айтып өтті. Осы қызметкерлеріміздің жұмыстарының нәтижесінде әлі талай қылмыстың беті ашылатынына сенімдіміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру