Қарағанды полицейлері оншақты велосипед ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды
Қарағанды полицейлері оншақты велосипед ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне қаланың 31 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол көпқабатты үйдің кіре берісінен белгісіз біреу 47 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» 46 жастағы күдікті ер адам анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша полицияда ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлер қаскөйдің осыған ұқсас тағы да сегіз қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол көп қабатты үйлердің кіре берістерінде тұрған, сонымен бірге, далада қараусыз қалған велосипедтерді де ұрлағанын түсіндірді. Кейіннен ер адам ұрланған мүлікті кейбір адамдарға төмен бағамен сатып жүрді. Ал, жәбірленушілер полицияға себепсіз жүгінбеген.
Тергеудің ең басты міндеттерінің бірі – күдіктінің екі дөңгелекті көліктерін алып отырған азаматтардың жекесін анықтау болды. Қазіргі уақытта полицейлер үш жәбірленушіні тапты, жалпы сомасы 140 мың теңгені құрайтын шығын келтірген. Полицейлер заттай дәлелдемелерді алу бойынша іс-шаралар қабылдауда. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.