Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері тұрғынды алдап кеткен алаяқты ұстады

Қарағанды полицейлері тұрғынды алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, бірнеше ай бұрын базарлардың бірінде ол ерікті түрде автокөлік бөлшектерін арзан бағамен сатып алуға көмектесетін ер адамды кездестірген. Сонымен қатар ол жәбірленушінің жүргізуші куәлігіне «D» санатын оңай қосып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін ол 460 мың теңге көлемінде алдын ала төлем талап етіп, ақшаны алып алған.

Келісілген уақыт өткен соң, тапсырыс беруші автокөлік бөлшектерін де, жүргізуші куәлігін де, қажетті санатты да ала алмады. Алданғанын түсінген ер адам полицияға жүгініп, аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 -бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

1 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру