Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері заңсыз айналымнан 2,3 келі “синтетика” тәркіледі

Қарағанды полицейлері заңсыз айналымнан 2,3 келі синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен аса ірі көлемде есірткі сатуы мүмкін деген күдікпен 24 жастағы азаматшаны ұстады.

– Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында ұнтақ тәрізді төрт пакет тәркіленді. Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 2,3 келі синтетикалық есірткі екені белгілі болды, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Айта кету керек, тәркіленген синтетикалық есірткі 4 мың адамның қолына жетуі мүмкін еді. Өйткені бұл салмақ – 4600 бір реттік дозаға тең.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру