Қарағанды полициясы екі ай бұрын жасалған ұрлықты ашты
Қарағанды полициясы екі ай бұрын жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 мамырда 35 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, теледидар, микротолқынды пеш пен ұялы телефонды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген залал көлемі 160 мың теңгені құрайды.
Оқиға болған жерді жіті тексеру кезінде ұры пәтерге пластикалық терезені ашып кіргені белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
3 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттың бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.