Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полициясында Халықаралық музей күні атап өтілді

Қарағанды облыстық полиция департаментінің жауынгерлік және даңқ мұражайында Халықаралық музей күні атап өтілді. Аталған іс-шараны департамент бастығы Санжар Әділов ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Музей күні біз үшін өткен тарихымыздың белгісі деп білеміз. Бұл күні барша ардагерге алғыс пен зор құрмет көрсету ең басты парызымыз деп білемін, – деді полиция генерал-майоры құттықтау сөзінде.

Құттықтау сөзінен кейін облыстың бас сақшысы көне көз жәдігерлерді бүгінгі күнге дейін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізіп, тарихты дәріптеп жүрген бірқатар ардагерді алғыс хатпен марапаттады.

– Жас қызметкерлер қызметтеріне адал болып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында қабылдаған анттарына берік тұруы қажет, – деді Шахтинск қалалық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Леонид Фролов.

Айта кету керек, Қарағанды облыстық полиция департаментінің жауынгерлік және деңқ мұражайы сонау 1981 жылы құрылған. Бүгінгі таңда аталған мұражайда полицияның кешегі өткен тарихы мен бүгінгі атқарып жатқан жұмыстарынан сыр шертетін құнды дүниелер сақталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру